« Отты жылдар естелігі» атты ерлік сабағы
4 мамыр күні біздің мектепте жүзжылдық тарихи оқиғаны әңгімелейтін ерлік сабағы өткізілді. Сабаққа 10 сынып оқушылары (сынып жетекшісі Грабовская Г.П.) қатысты. « Отты жылдар естелігі» атты ерлік сабағы Ұлы Отан соғысының 72 жылдығына арналған. Ерлік сабағының басты мақсаты :
оқушылардың адамгершілік ұстанымын қалыптастыру, үлкендерге құрмет көрсету,өткен соғыс естелігіне өзіндік ұстаным қалыптастыру.
Жылдан –жылға ҰОС қайғылы да қаһармандық жылдары алыстап бара жатыр.Бұл соғыс ел үшін өте ауыр қиыншылыққа түссе де , еліміз өз бостандығы мен намысын қорғап қалды. ҰОС артта қалып жатса да , тарихта қалады. Ерлік сабағында балалар осы қайғылы кездегі оқиға туралы тарихтың беттерін ашты. Оқушылар топта жұмыс істеді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Топтарға мақсат қою:
1- топ –ұсынылған материалдар негізінде постер құрастыру (фотосуреттер қою , ұсынылған материалдар бойынша негізгі оқиғаларды қысқаша әңгімелеу, шағын жобаны қорғауға суретпен сипаттау жасау) (12 минут)
.jpg)
2-топ –Естелік Кітабынан «Жамбыл ауданы» бөлігімен жұмыс жасау. Кладбинка селолық округінен ҰОС қатысқандардың фамилияларын табу.
Постерге «Жерлес сарбаздар» атты кластер құрастыру. Шағын жобаны қорғауға дайындалу. (12 минут)
.jpg)
3-топ –«Отты жылдар естелігі» кітабынан СҚО аумағында тұрған және еңбектенген ардагерлердің естеліктерімен танысу. Қысқа әңгіме дайындау. Тыл еңбеккерлеріне арналған өз слогандарын дайындау.Слоганды постерге жазу. Шағын жобаны қорғауға дайындалу. (12 минут)
.jpg)